SAZ & SOUL
Күні: 05.11.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
«Қазақконцерт» Saz&Soul тобының концертін ұсынады.
Бұл кеште көрермендер бүгінгі болмысы мен тынысын жеткізетін Saz&Soul тобының музыкасымен танысады.
Бағдарламада - топтың авторлық әндері, сахнада алғаш рет орындалатын жаңа туындылар және Әділжан Толықпаевтың авторлық интерпретациясындағы қазақтың халық әндері.
Концерт Saz&Soul тобы үшін ерекше мәнге ие. Кеште солист Нұрай Шеру топ құрамында алғаш рет Saz&Soul тобының жеке концертінде өнер көрсетеді. Бұл - топ тарихындағы жаңа тараудың бастауы.
Saz&Soul қазақ музыкасының тамырын сақтай отырып, оның заманауи әрі еркін естілуін ұсынады. Дәстүр мен бүгінгі музыкалық тілдің тоғысуы - топ шығармашылығының негізгі ерекшеліктерінің бірі.
Бұл кеште топпен бірге сахна төрінде арнайы қонақтар - Дастан Оразбеков, Марсель, AL NASR және Мәди Сыздықов өнер көрсетеді.
Жанды дауыс, жаңа музыка және әдемі әрі тосын коллаборациялар - дәстүр мен бүгінгі күн тоғысатын ерекше музыкалық кеш.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз