X

«Алғашқы саундтрек»

Күні: 11.11.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

«Алғашқы саундтрек» — қазақстан киносының тарихы басталған музыка.

Сіздерді 1938 жылы экранға шыққан «Амангелді» фильміне жазылған, қазақстан киносы тарихындағы тұңғыш саундтрекке арналған ерекше концертке шақырамыз.

Симфониялық оркестрдің орындауында көрнекті қазақстандық композиторлар Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің туындылары шырқалмақ. Олардың музыкасы тыңдарманды ұлттық киноның іргетасы қаланған дәуірге жетелеп, қазақ музыка мәдениетінің байлығы мен өзіндік болмысын жаңа қырынан сездіреді.

«Алғашқы саундтрек» отандық өнер тарихының бір бөлшегіне айналған музыкалық мұрамен кездесу, ұлы композиторларға құрмет және қазақстан киномузыкасының бастауына үңілуге таптырмас мүмкіндік болары анық.

Өздеріңізге жанды симфониялық музыка кешін сыйлап, бәрі басталған сол бір тарихқа жақындаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: