X

«ОТАН АНА»: Қуат Шілдебаевтың шығармашылық кеші

Күні: 29.03.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал

Қазақконцерт танымал композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» шығармашылық кешіне шақырады. Оның есімі қазақ музыка өнерінің қалыптасуымен тығыз байланысты.

Бұл кеш Қуат Шілдебаевтың алғашқы жеке шығармашылық кеші. Іс-шара барысында композитордың туындылары «Saz&Soul» тобы мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындалып, оның музыкасына жаңа қырынан үңілуге мүмкіндік береді.

«Отан Ана» концерттік бағдарламасында көрермендерді шынайы сезімге бөлеп, терең толғанысқа жетелейтін, жүрекке жақын туындылар ұсынылады. Музыкалық кеште «Қайран көңіл», «Сағым дүние», «Отан Ана», «Жан Ана», «Кешір мені», «Атамекен», «Аялаған арман-ай», «Сәуле» әндері және танымал кинофильмдерден алынған музыкалық шығармалар орындалады.

Іс-шараға танымал өнер жұлдыздары қатысады: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жұбаныш Жексенұлы, Ардақ Балажанова, Ренат Гайсин, Дильназ Ахмадиева, Дәурен Серғазин, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері Анна Уварова, талантты әншілер Қайрат Баекенов, Марсель, Шаба Әденқұлқызы, Дидар Абдухалық, Ербол Тәжібаев, дарынды қобызшы Олжас Құрманбек және «Gulder» ансамблі.

Бұл концерт нағыз ностальгия әлеміне саяхат. Мұнда әрбір композиция музыка арқылы қуаныш сыйлап, көңіл күй мен шынайы сезім атмосферасын қалыптастырады. Қапы қалмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: