NEW YEAR with QAZAQCONCERTм
Күні: 28.12.2025 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерт жыл қорытындысын мерекелік көңіл-күймен атап өтуге шақырады. Қазақ өнерінің майталмандары арнайы сіздер үшін есте қаларлық ғажайып әсер сыйлайтын концерттік бағдарлама ұсынады.
Сахнаға Қазақконцерттің танымал өнер жұлдыздары шығады:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құрмаш Махан, Гүлсім Мырзабекова
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Алибек Альмадиев, Әділхан Макин
«Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегерлері Алтыншаш Мұқатаева, Анна Уварова
республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Ербол Тәжібаев, Қуандық Шалқарұлы, Ақбөпе Әлібекова, Асылхан Шалқаров, Нұрмұхамед Сәтен
«Astana Musical» мемлекеттік театры
«GULDER» ансамблінің балеті
G-band
Ерекше мәдени кеште эстрада жұлдыздары жанды дауыста кәсіби бэндтің сүйемелдеуімен көпшілік сүйіп тыңдайтын хит әндерді орындайды.
Мерекелік кешке достарыңыз бен отбасыңызбен келіп, әуезді әуен мен әсем биге толы ұмытылмас сәттерді бірге тамашалаңыз! Қапы қалмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз