«СЕЗІМ ӘЛЕМІ» МУЗЫКАЛЫҚ КЕШІ
Күні: 30.05.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Камералық зал
«Қазақконцерт» сүйікті көрермендерін Азамат Темірбаевтың «СЕЗІМ ӘЛЕМІ» атты жеке концертіне шақырады. Бұл кеш қуаныш пен шабытқа және шынайы әуендерге толы болмақ.
Кеш көрермендерді ерекше музыкалық әлемге жетелейді: «Saz&Soul» вокалды-аспаптық ансамблінің әртісі Азамат Темірбаев әсерге толы, стильді әрі көркем әуезді концерттік бағдарламасын ұсынады. Әншінің топпен бірге жанды дауыста орындайтын өнері музыка мен сахнаның үйлесімін қалыптастырып, көрерменге шынайы эмоция сыйлайды. Топтың қарқынды динамикасы мен қуатты өнер көрсетуі бұл кешті ұмытылмас сәтке айналдырады.
Концерт Азаматтың шығармашылық әлемінің жаңа қырларын ашатын шынайы рухани сыр шертуге айналады: күтпеген музыкалық әуендер мен авторлық аранжировкалар әрбір туындыға ерекше атмосфера мен тереңдік сыйлайды.
Кеш барысында авторлық әндер шырқалады: «Айналайын», «Әдемі», «Сезім әлемі», «Қайта-қайта», «Айым», «Тыңда», «Сендей сұлу жан бар ма?». Бұл музыкалық туындылар көрерменді сезім мен шабытқа толы музыкалық сапарға жетелейді.
Іс-шарада танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді: Шырын Базарқұлова, Ізбасар Кеңесов, Қазыбек Құрайыш, Дидар Абдухалық, Анна Уварова.
Музыканың шынайы қуатын сезініп, ұмытылмас әсер алыңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз