«МУЗЫКА НА ВСЕ ВРЕМЕНА»
Күні: 28.10.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі көрермендерді опера мен опереттаның таңдаулы туындылары орындалатын «Музыка на все времена» концертіне шақырады. Бір кеште итальян, француз, чех және австриялық композиторлардың әр дәуірде жазылған, әлем сахналарында бүгінге дейін шырқалып келе жатқан шығармалары тоғысады.
Кеш Пьетро Масканьидің «Сельская честь» операсынан әсерлі интермеццомен ашылады. Одан кейін Джакомо Пуччинидің «Турандот» операсынан Калаф ариясы, Жорж Бизенің «Кармен» операсынан Эскамильо куплеттері, Джоаккино Россинидің «Севильский цирюльник» операсынан Фигаро каватинасы орындалады. Бағдарламада Пуччинидің «Джанни Скикки» операсынан Лауретта ариясы, Антонин Дворжактың «Русалка» операсынан Русалка ариясы және Джузеппе Вердидің «Травиата» операсынан Виолетта ариясы да бар.
Концерттің келесі бөлігінде вокалдық дуэттерге ерекше орын беріледі. Тыңдармандар Бизенің «Искатели жемчуга» операсынан Надир мен Зурганың дуэтін, Лео Делибтің «Лакме» операсынан Лакме мен Малликаның дуэтін, Вердидің «Трубадур» операсынан граф ди Луна мен Леонораның дуэтін тыңдай алады. Жеке дауыс пен симфониялық оркестрдің үндестігінен басталған кеш осылайша бірнеше орындаушының сахнадағы музыкалық сұхбатына ұласады.
Опера арияларынан кейін бағдарлама опереттаның жарқын әлеміне ауысады. Иоганн Штраустың «Летучая мышь», Имре Кальманның «Сильва», Франц Легардың «Страна улыбок» және «Веселая вдова» шығармаларынан үзінділер орындалады. Кеш соңында барлық қатысушылар Россинидің «Неаполитанская тарантелла» шығармасын бірге орындайды.
Сахнаға Медет Чотабаев, Азамат Желтыргузов, Азат Мәлік, Ибраһим Амин, Нұрсезім Саматқызы, Бибігүл Жанұзақ, Салтанат Ахметова, Лаура Ғалым, Айзада Капонова және Талғат Аллабиринов шығады. Олардың орындауындағы ариялар мен дуэттер Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен ұсынылады.
«Музыка на все времена» - таныс әуендердің ырғағына еніп, әр композитордың өзіндік үнін, операның терең сезімі мен опереттаның сергек көңіл күйін бір кеште сезінуге мүмкіндік беретін концерт.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз