Дмитрий Шостаковичтің музыкасы
Күні: 29.10.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерттің Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі классикалық музыканың жауһарлары орындалатын концертке шақырады.
Дирижер: Роберто Готтипаверо (Италия), Венеция консерваториясының ректоры, симфониялық репертуарды кәсіби меңгерген және музыкалық драматургияны шебер сезіне білетін танымал дирижёр әрі педагог.
Маэстроның басқаруымен ХХ ғасырдың ұлы туындыларының бірі - Дмитрий Шостаковичтің Бесінші симфониясы орындалады.
Сондай-ақ концертте италиялық пианист Чечелия Франчини өнер көрсетеді. Виртуоз нәзік әуезділігімен ерекшеленетін Нино Ротаның фортепиано мен оркестрге арналған концертін ұсынады.
Саф өнер мен терең сырға толы, классикалық музыканың көркем әлеміне жетелейтін ерекше кештен қапы қалмаңыз.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз