«РОЗА БАҒЛАНОВА» МЮЗИКЛІ
Күні: 06.02.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры «Роза Бағланова» мюзиклына шақырады!
Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен XVII Халықаралық мюзикл фестивалінде «Үздік халықаралық мюзикл» және «Үздік әйел бейнесі» атты екі беделді марапатқа ие болған спектакль сахнаға оралмақ! Мюзикл талант пен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналған күміс көмей әншінің тағдыры туралы сыр шертеді.
Көрерменнің жоғары бағасын алған сәтті қойылым КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағлановаға арналған. Мюзиклда әншінің шығармашылық жолының қалыптасуына негіз болған өміріндегі шешуші сәттер жайлы баяндалады.
Театр өнерінің заманауи технологиялары, кәсіби актерлар, режиссерлік, музыкалық және ерекше хореографиялық шешімдер, соғыс жылдарындағы танымал әндер көрерменге ерекше атмосфера сыйламақ. Музыка мен өнер тілінде айтылған тарихтың куәгері болыңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз