X

МЮЗИКЛ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Күні: 10.04.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры «Мюзикл әлеміне саяхат» атты театрландырылған бағдарлама ұсынады.

Кеш барысында көрермен танымал мюзиклдардан таңдалып алынған ең үздік көріністер, сахна шеберлерінің қатысуымен өтетін ерекше қойылымдар, әсерлі хореография мен естен кетпес музыкалық тосынсыйларға куә болады. Атап айтқанда, «Достар серті», «Роза Бағланова», «Алдар көсе» және әлемге әйгілі «Moana», «Mamma Mia», «Moulin Rouge», «Romeo and Juliet», «Beauty and the Beast», «Notre Dame de Paris», «Aladdin», «Мemphis», «Season of love», «Waitress», «Hamilton» сынды мюзиклдардың ең әсерлі сәттерін тамашалай алады.

Жақында аншлагпен өткен қойылым көрермендердің сұрауы бойынша қайта сахнаға оралады. Барша әлемді бағындырған музыка мен керемет эмоцияларға толы мюзикл кешінен қапы қалмаңыз!

Поделиться в соц. сетях: