КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КОНЦЕРТІ
Күні: 23.08.2025 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал
Қазақконцерт және Корея Республикасының Елшілігінің Корей мәдени орталығы классикалық музыка кешіне шақырады.
Концерт барысында көрермендерге әлем және корей классикалық музыкасының үздік туындылары ұсынылады. Музыкалық шығармаларды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Бақытжан Мұсаходжаеваның жетекшілігіндегі Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі орындайды.
Сахнада Германияның Бремен қаласында өткен XIV Еуропалық пианистер байқауының жеңімпазы, Брюссельдегі Елизавета патшайым, Цюрихтегі Геза Анда және Мәскеудегі А.Н. Скрябин атындағы халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал пианист Станислав Хегай өнер көрсетеді.
Кеш бағдарламасы:
В. А. Моцарт - «Сиқырлы флейта» операсының увертюрасы
Тен Чу - «Кәріс биі», «Қара пернелердегі сазды әуен», «Екі құрбы»
(фортепиано - Станислав Хегай)
Л. ван Бетховен - №1 фортепиано мен оркестрге арналған до мажор концерт, Op. 15 (солист: Станислав Хегай)
Бұл кеш Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы мәдени өзара түсіністік пен достықтың символына айналып, екі халықтың рухани мұрасын ұлы өнерде тоғыстырады.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз