X

«Арқаның ән-күй мұрасы»

Күні: 21.06.2024 Уақыты: 19:00 Зал: ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы

Қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің бірі һәм бірегейі Біржан сал Қожағұлұлының 190 жылдығына орайластырылған «Арқаның ән-күй мұрасы» атты дәстүрлі өнер кеші өтеді. 

Рухани кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Құмарбек Қалқатай, Мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев және т.б., өнер майталмандарымен қатар еліміздің абыройын халықаралық ареналарда асқақтатып жүрген Перизат Тұрарова, Қайрат Айтбаев, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс, Біржан Айтахметов, Дарын Құдайберген, Дария Бекпенбетова сынды дарынды өнерпаздар қатысады.

 Кеш жүргізушісі: «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының жетекшісі, өнертанушы, журналист Жасұлан Наурызбайұлы.

Қазақконцерттің «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістерінің музыкалық кеші қазақтың атақты әнші-композиторы, ақын Біржан салдың шығармашылығы мен өнерін өскелең ұрпаққа насихаттауға бағытталған.

Поделиться в соц. сетях: