«№13» КОМЕДИЯСЫ
Күні: 21.02.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Камералық зал
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры Рэй Кунидің «№13» комедиясына шақырады!
Сізді күтпеген шиеліністі оқиғалар мен шексіз күлкіге қарық қылар ұмытылмас қойылым күтеді!
«№13» комедиясы қоғамның игілігі үшін қызмет атқарудың орнына демалуды ұйғарып, бес жұлдызды қонақүйдің 13-нөмірінде өзінің саяси қарсыласының хатшысымен кездесу ұйымдастырған Ричард Уиллидің басынан өткен оқиғасы аясында өрбиді. Қызықтың көкесі кездесу барысында терезе жақтауынан адамның жансыз денесі табылған кезде басталады.
Көрермен әр кейіпкерге өзінше сүйсініп, тәнті болады, себебі бұл жағымды не жағымсызға бөлінбеген, тоқтаусыз күлкі мен позитивті эмоциялар тудыратын, комедия, мелодрама және қылмыстық интригалар бір-бірімен ұштасқан қызықты оқиғалар желісі. Бұл қойылым күрделі философиялық сұрақтардың шешімін табуды көздемейді, мақсаты әзіл арқылы сізді көзіңізден жас шыққанша күлдіру!
«№13» - 30 жылдан астам уақыт бойы әлемнің үздік сахналарында көрерменнің қошеметіне ие болған әйгілі пьеса. Қойылым ХХ ғасырдың ең керемет комедияларының бірі ретінде Британдық театрдың алтын қорына енді.
Режиссер Еслям Нұртазиннің нұсқасы спектакльге ерекше қанық эмоционалды реңк береді.
Демалыс күніңізді шат күлкі мен көтеріңкі көңіл күйге арнаңыз!
Заманауи қазақстандық өнерді дәріптеп жүрген актерлердің шебер ойындары мен көрерменге алуан түрлі сезім сыйлайтын қойылымға келіңіздер!
Біз сіздерді асыға күтеміз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз