X

«№13» КОМЕДИЯ

Күні: 13.04.2023 Уақыты: 19:30 Зал: QAZAQSTAN ОКЗ, Мәңгілік ел, 10/1

«ASTANA MUSICAL» театры «№13» комедиясын көруге шақырады!

«№13» комедиясында  қоғамның игілігі үшін қызмет атқарудың орнына демалуды ұйғарып, бес жұлдызды қонақүйдің 13-нөмірінде өзінің саяси қарсыласының хатшысымен құмарлыққа бой алдырған Ричард Уиллидің басынан өткен оқиғасы баяндалады.

Р. Кунидің пьесасы  соңғы жиырма жылдықтағы ең үздік комедиялардың бірі болып саналады. 1991 жылы бұл пьеса жылдың үздік комедиясы ретінде Лоуренс Оливье сыйлығына ие болған. 

Спектакль режиссері Е.Нұртазин жасаған ережелер комедиясымен қоса, әр кейіпкердің мінезін ашатын арнайы жазылған музыкалық партияларды тамашалай аласыздар. Демалыс күндеріңіз сәтті өтсін десеңіз,  тіршіліктің күйлеуі, күнкөрістің илеуінен босап, жеңіл әрі көңілді спектакльді көріңіздер. 

Дарынды режиссура театрдың жетекші әртістері – М. Есқали, А. Өмірзақов, А. Ақипбаев, А. Қапизов, З. Таштаева, А. Жамаш, А. Құсайынова, З. Жакенова және Б. Бағытжановтың талантты актерлік ойынымен әдемі өрілген.

Поделиться в соц. сетях: