КҮЙ - СИМФОНИЯ
Күні: 14.10.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Сіздерді дәстүрлі қазақ күй өнері мен симфониялық музыканың үйлесімін паш ететін ерекше «Күй-симфония» концертіне шақырамыз.
Бұл кеште ұлттық музыкалық мұрамыздың інжу-маржаны саналатын күйлер Мемлекеттік симфониялық оркестрдің орындауында жаңаша сипат алып, тыңдарманға ерекше әсер сыйлайды. Домбырадан төгілген асыл әуендер симфониялық оркестрдің үнімен үндесіп, шығармалардың мазмұны мен эмоциялық әсерін жаңа деңгейде ашады.
Концерт бағдарламасына қазақ халқының тарихы мен тағдырын, ерлік рухын, туған жерге деген сүйіспеншілігін бейнелейтін таңдаулы күйлер енген. Бұл кеш ұлттық өнердің тереңдігін сезінуге, күй құдіретін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.
Қазақ күйінің жаңа тынысын бірге сезініп, әсем музыкаға толы әсерлі кештің куәсі болыңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз111