X

Қазақконцерт «Сиқырлы сазды хор-концертке» шақырады!

Күні: 27.04.2024 Уақыты: 18:00 Зал: ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы (Республика даңғылы, 2)

Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры «Сиқырлы сазды хор-концертке» шақырады! Бұл кеште театр әртістері елорда жұртшылығына өзгеше форматтағы театрландырылған қойылым ұсынып, естен кетпес көңіл күй сыйлайды.


Шығармашылық ұжым танымал әрі көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерді вокалдық шеберліктерімен түрлендіріп, туындылардың бояуын аша түсіп, талғампаз тыңдарманды таңғалдырмақ. Хор-концерт - жаңа өңдеудегі халық әндері, әлемдік хиттер мен мюзикл ариялары, ретро-композициялар, белгілі заманауи әндердің театрландырылған қойылыммен ұштасқан, би жанрын да қамтыған ауқымды концерттік бағдарлама.
Атап айтқанда, «Astana Musical» мемлекеттік театрының әртістері «Керім-ау айдай» және «Екі жирен» халық әндерін, Кенен Әзербаевтың «Көкшолағын», «Жаңбырлы түн», «Әнім сен едің», «Джулия» ретро-композицияларын, әйгілі шетелдік «Вohemian rhapsody» «Yesterday» «Billie Jean» туындаларын, балаларға арнап «20th Century Fox»,«Baby Shark» және тағы басқа әндерді орындайды. Сондай-ақ ду-воп стилінде жазылған «The Five Satins» тобының «In the Still of the Night» әнін ерекше орындауда сыйға тартпақ.


«Сиқырлы сазды хор-концертке» көпшіліктің көңілінен шығып, бей-жай қалдырмайды деген сенімдеміз. «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі - Есләм Нұртазин. Бас хормейстері - Алмат Абишев, хорға өңдеген Жанболат Адилов.

Поделиться в соц. сетях: