X

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті

Күні: 19.01.2024 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарын симфониялық музыка кешіне шақырады. Атақты скрипкашы Римонда Гвидо (Италия) талғампаз тыңдарман назарына әлемдік классикалық музыканың шедеврлерін ұсынбақшы. 

Классикалық музыка кешінде оркестрге әйгілі маэстро, дирижер Бэк Джин (Оңтүстік Корея) дирижерлік етеді.

Концерт бағдарламасы:

1. К. Сен-Санс «Самсон мен Далила» операсынан: «Вакханалия»;

2. К. Глюк «Орфей және Эвридика» операсынан: «Елисей алқабында»;

3. М.Брух «Аве Мария»; 

4. Д. Виотти «Оркестрмен скрипкаға арналған концерт»;

5. П. Чайковский «Лебединое озеро».

Римонда Гвидо - біздің заманымыздың итальяндық скрипкашыларының ішіндегі ең жарқын өкілдерінің бірі. Ұлы Виоттиді үлгі тұтып, музыканттың ізбасары ретінде Римонда өзінің шығармашылық өмірінің көп бөлігін Виоттидің мұрасын жандандыруға арнайды. Римонда Гвидо - Италияның және шетелдің басты концерт залдарының құрметті қонағы. Оның скрипкада ойнау шеберлігі классикалық дәстүрлерді терең құрметтеуге, шығармашылыққа деген құштарлыққа және музыкалық өнер әлемінде жаңалық жасауға деген ұмтылысқа толы.

Маэстро Бэк Джин қазіргі уақытта Донгсео университетінің Жоғары мектебінде дирижерлік профессоры болып қызмет атқарады. Ол әлемдегі көптеген беделді залдарда өнер көрсетіп, музыка сыншылары тарапынан оның музыкалық және дирижерлік қабілеттері жоғары бағаланды. Сондай-ақ, Бэк Джин көптеген марапаттардың иегері, соның ішінде Оңтүстік Кореядағы классикалық музыканың дамуына қосқан үлесі үшін «Қазіргі заманның жетекші музыканты» XXVII сыйлығы және «Пусан әртістерінің сыйлығы» сынды марапаттары бар. 

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық ұжымдардың бірегейі. Оркестр құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген халықаралық байқаулардың лауреаттары, яғни жоғары кәсіби музыканттардан құралған. Дарынды 90 музыканттан тұратын оркестр әртүрлі дәуірлер мен стильдердің туындыларын және барокко, классикалық және заманауи музыка орындау өнерін жоғары дәрежеде меңгерген. Ұжым шығармашылығының маңызды бөлігі -  ұлттық музыка, халық әндері мен күйлерін оркестрлік өңдеу, сондай-ақ қазіргі қазақ композиторларының шығармаларын орындау. 

Еске салайық, оркестр 1991 жылы әлемге әйгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, Қазақ ұлттық университетінің ректоры, оркестрдің көркемдік жетекшісі Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылды.

Оркестрдің бас дирижері - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Бақытжан Мұсаходжаева.

Әлемдік классиканың ең шебер туындыларының бірін тамашалау мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар. Сіздерді аталмыш бірегей музыкалық іс-шарада күтеміз!

Сіздерді күтеміз, құрметті көрермен! Жарқын эмоциялар мен ұмытылмас әсер алатын ерекше кешті жіберіп алмаңыз.

 

Поделиться в соц. сетях: