X

ҚАЗАҚКОНЦЕРТ: 63-МАУСЫМЫНЫҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІ

Күні: 28.06.2024 Уақыты: 19:00 Зал: Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театры

Құрметті елордалықтар мен қала қонақтары!

 

Сіздерді ҚАЗАҚКОНЦЕРТ ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ ГАЛА-КОНЦЕРТІНЕ шақырамыз!

 

Қазақконцерттің әртістері мен шығармашылық ұжымдары көрермен назарына осы маусымдағы ең үздік концерттік нөмірлерін тарту етеді. 

 

Бұл концертте әуезді ән де, әсем би де, көңіл толқытар күй де, театрландырылған қойылым да болмақ.   

 

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық ұйымының ГАЛА-КОНЦЕРТІ 28 маусым күні сағат 19:00-де Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтеді.

 

Гала-концертте ҚР халық әртісі, Еңбек Ері Роза Рымбаева бастаған Құрмаш Махан, Дінисламбек Жайлаубай, Бибігүл Қилымхан, AMRE, Рухия Байдүкенова, Перизат Тұрарова, Асқар Мұқият, Дария Бекпенбетова, Біржан Айтахмет, Күнсұлу Түрікпен, Айзада Капонова, Азат Мәлік, Әлібек Әлмадиев, Гүлнар Кошенова, Асылхан Шалқаров, Жанна Сандибаева, Дидар Әбдухалық, Ербол Тәжібаев, Мәди Рымбаев және т.б. Қазақконцерттің әртістері мен «Birlik» ән-би ансамблі, «Гүлдер», «Астана сазы» ансамбльдері, «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры, «SAZ&SOUL» тобы сынды шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

 

Келіңіздер! Әсерлі кештен қапы қалмаңыздар! 

 

Поделиться в соц. сетях: