ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРІ КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КОНЦЕРТІНЕ ШАҚЫРАДЫ
Күні: 10.05.2024 Уақыты: 19:00 Зал: ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы (Республика даңғылы, 2)
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі симфониялық музыка концертіне шақырады. Классикалық музыка кешінде пианист Карл Айхингер (Австрия) өнер көрсетеді. Симфониялық музыка кешінде маэстро Ерболат Ахмедьяров дирижерлік етеді.
Концерт бағдарламасы:
Карл Айхингер Вена музыка және драмалық өнер университетінде фортепиано мамандығын меңгеріп, диплом мен магистр дәрежесін алды. Маэстро оқуын Олег Мейзенберг пен Рудольф Керер сынды танымал музыканттардың шеберлік сабақтарында, сондай-ақ Вена консерваториясында фортепиано (Франц Цеттль) және джаз фортепиано сыныбында жалғастырды.
2024 жылы музыкант Австрияның әйгілі Grafenegg/Wolkenturm фестивалінде Моравия филармониясының оркестрі және Даниэла Фаллимен бірге Джордж Гершвиннің «Concerto in F» және «Rhapsody in Blue» орындады.
Карл Айхингер солист ретінде Австрия және басқа да елдердің көптеген беделді оркестрлермен шығармашылық ынтымақтастықта нәтижелі қызмет атқарды. Тонкюнстлер оркестрі, Wiener Concert Verein, Берлин симфониялық оркестрі, Брно филармониясы, Сараево филармонияларының оркестрлері, сондай-ақ Ханс Ганш, Ильдико Раймонди, Каспар Рихтер, Андреас Шагер, Даниэла Фалли, Петер Матич, Корнелиус Обоня сияқты атаулы музыканттармен тығыз шығармашылық байланыста.
Танымал пианист Мюзикферайн Вена филармониясы және Концертхаус, Вена фестивальдері, Jeunesse Musicale, Carinthian Summer, Allegro vivo камералық музыка фестивалі, Прадестегі Пабло Касальс фестивалі, Франция, Торонтодағы камералық музыка фестивалі, Битоладағы Interfest, Musikwochen Millstatt және т. б. көптеген беделді музыкалық алаңдардың құрметті қонағы және бүкіл әлем бойынша гастрольдік сапар ұйымдастырып, көрерменнің қошеметіне бөленіп жүрген виртуоз музыкант.
Карл - «Вена аспаптық оркестрінің виртуоздары» симфониялық оркестрінің және Венадағы «Балалар мен жасөспірімдерге арналған музыка» концерттер сериясының жетекшісі.
Ерболат Ахмедьяров - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын опера-симфониялық дирижерлеу (профессор Т.А. Абдрашев сыныбы) және фортепиано (аға оқытушы Т.А. Урманчеев сыныбы) мамандықтары бойынша үздік тәмамдап, ассистентура- консерваторияның тағылымдамасынан өтті. Е. Ахмедьяров опера, балет және симфониялық бағдарламаларда өнер көрсетумен шектелмей, дирижерлік мансабын оқытушылық қызметпен сәтті ұштастыруда. Дирижерлік шығармашылығында көптеген марапаттарға ие болды.
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының жетекші музыкалық ұжымдардың бірегейі. Оркестр 1991 жылы әлемге әйгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, профессор, оркестрдің көркемдік жетекшісі Айман Мұсахаджаеваның бастамасымен құрылды.
Оркестр құрамы асқан виртуоз шеберлер мен камералық музыкалаудың үздік әлемдік дәстүрлерін дамытып жүрген халықаралық байқаулардың лауреаттары, яғни жоғары кәсіби музыканттардан құралған. Дарынды 90 музыканттан тұратын оркестр әртүрлі дәуірлер мен стильдердің туындыларын және барокко, классикалық және заманауи музыка орындау өнерін жоғары дәрежеде меңгерген. Оркестрдің бас дирижері - Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Бақытжан Мұсаходжаева.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз