«GULDER»: EXPERIENCE №3
Күні: 25.05.2025 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «GULDER» ансамблі көрермендерге «Experience» №3 жаңа сахналық жобасын ұсынады.
«Түркі әлемі мифологиясынан қазіргі заманға дейін» - көне түркі аңыздары музыка мен би арқылы жаңа үнге ие болатын әсерлі хореографиялық қойылым. Сахнада өз өнерлерін «GULDER» ансамблі мен Қазақстанның үздік шығармашылық ұжымдарының жас таланттары ұсынады.
«Experience» жобасы - музыка және хореография өнері саласындағы жас таланттар үшін тек орындаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар хореограф ретінде де өз мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік беретін инновациялық платформа.
Көрермендерді не күтіп тұр:
Концерттік бағдарламада ұлттық бидің дәстүрлі үлгілерінен бастап заманауи бағыттарына дейінгі қойылымдар ұсынылады. Сондай-ақ әзербайжан, якут, татар, моңғол және басқа да халықтардың билері бар.
«Experience» - жай ғана концерт емес, түрлі дәуірлер мен мәдениеттер және тұлғалар арасындағы ерекше үндестік. Бұл - осы жерде және дәл осы сәтте дүниеге келетін жанды өнермен қауышу мүмкіндігі.
Жоба авторы - «GULDER» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садыкова.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз