«GULDER»: EXPERIENCE IV
Күні: 14.06.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал
14 маусымда Роза Бағланова атындағы Қазақконцертте «GULDER» ансамблінің ұсынуындағы «EXPERIENCE №4 Паванадан қазақ вальсіне дейінгі дәуірлер диалогы» концерт-дәрісі өтеді. Жоба тарихты, хореографияны және заманауи сахналық өнерді бір арнаға тоғыстырады.
Көрермендер XVI ғасырдағы салтанатты паванадан бастап, менуэт, полонез, вальс, танго, латино және қазіргі қазақ вальсіне дейінгі бірнеше ғасырлық би мәдениетіне саяхат жасайды. Бағдарлама әр дәуірдегі қозғалыс эстетикасының, сахналық пластиканың және би мәдениетінің өзгерісін көрсетеді.
Концертке «GULDER» ансамблінің әртіс-солистері, Қазақ ұлттық хореография академиясының білім алушылары, Батыржан Смақов пен SAMGA квартеті қатысады.
Кеш соңындағы интерактивті қазақ вальсінде көрермендер әртістермен бірге вальс билей алады. Қапы қалмаңыздар!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз