«GULDER»: «Шебер жаңғырығы» концерті
Күні: 18.11.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал
Gulder ансамблі ұлттық би өнерінің бай мұрасы мен заманауи сахналық шешімдерді тоғыстырған «Шебер жаңғырығы» атты жеке концертіне шақырады!
Кеш қазақ эстрадалық биінің негізін салушы, ансамбльдің тұңғыш балетмейстері Деляфруз Кияқованың туғанына 100 жыл толуына және ансамбльдің алғашқы балет әртістерінің бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алтынбуби Омарбекованың 75 жасқа толу мерейтойына арналады.
Бағдарламада ансамбльдің жаңарған құрамы ұлттық хореографияның алтын қорына енген Деляфруз Кияқованың қайта жаңғыртылған қойылымдарын тұңғыш рет орындамақ. Сондай-ақ көрермендерге жаңа хореография композициялары, отандық авторлардың туындылары және әлемдік классиканың сахналық нұсқалары ұсынылады.
Gulder ансамблі мен эстрада солистері қатысатын концертте музыка, би және театр өнерінің жауһарлары алуан көңіл күй мен жарқын бейнелерді жеткізетін көркем миниатюраларда үйлесім табады.
«Шебер жаңғырығы» өмірін өнерге арнаған шеберлерге көрсетілген құрмет, ұрпақтар сабақтастығы мен шығармашылық жаңғырудың сахнадағы көрінісі болары анық.
Концерт аясында «Қазақконцерт» ғимаратының фойесінде көрме ұйымдастырылады. Көрменің кураторы — Gulder ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз