X

«GULDER» - 55 ЖЫЛ

Күні: 01.03.2025 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал

Қазақконцерт сіздерді аты аңызға айналған «GULDER» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концертіне шақырады!

Бұл кеш - ұзақ жылдар бойы төрткүл дүниеге қазақ мәдениетін паш етіп келе жатқан ұжымның рухы мен философиясын бейнелейтін нәзіктік пен дәстүр және өнер мерекесі!

КОНЦЕРТ БАҒДАРЛАМАСЫНДА:

- Арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар;

- Ұжым тарихының жаңа кезеңге қадамын айшықтайтын, ансамбльдің жаңғыруы мен жаңаруының символы іспеттес жаңа ерекше қойылым жаңа хореографиялық композицияның премьерасы;

- Жаңа авторлық әндер және танымал әртістермен ұтымды коллаборациялық бағдарлама;

- Дәстүр мен жаңашылдықтың үздік үйлесімі - классикалық сахналық өнердің жаңа интерпретациясы;

- Ұрпақ сабақтастығы - аңызға айналған әртістер мен жас дарындардың бір сахнада өнер көрсетуі.

КОНЦЕРТ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:

- Қазақстанның халық әртісі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева;

- Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өзінің ерекшелігімен танылған әнші Айжан Нұрмағамбетова;

- Дарынды әнші, қазақ эстрадасындағы жаңа буын өкілдерінің бірі Мәди Рымбаев;

- Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, виртуоз скрипкашы Меруерт Бахыт;

«Самға» тобы.

 

Белгілі қазақстандық әншілер Жанар Дұғалова және ARO мерейтойлық концертте көрермен үшін арнайы өнер көрсетіп, кешіміздің көркін қыздырмақ!

Аңызға айналған ұжымның жаңа кезеңге қадам басар тарихи сәтін жіберіп алмаңыз!

Поделиться в соц. сетях: