GRAND FEST: КЛАССИКАЛЫҚ МУЗЫКА КЕШІ
Күні: 22.06.2025 Уақыты: 20:00 Зал: Амфитеатр (Астана паркі)
Күн батып келеді. Салқын жел еседі. Ашық аспан астындағы классикалық әуендер - бәрі кино кадрларындай әсерлі.
«Grand Fest» фестивалі жобасы аясында Есілдің сол жағалауын алтын шуаққа бөлеген сәтте Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі мен «Классикалық өнер» бөлімінің солистері көрермендерге қазақ және әлем классикасының озық туындыларын тарту етеді.
Бағдарлама шабыт пен әсемдікке толы ерекше атмосфераға жетелейді:
- Концерт симфониялық оркестрге арналған кең тынысты, көркем де әсерлі шығармалармен ашылады. Кеш барысында көрермендерді ұлттық симфониялық поэмадан бастап нәзік еуропалық классикаға дейінгі музыкалық саяхат күтіп тұр.
- Жеңіл вальстер мен көктем лебін жеткізетін музыкалық ырғақтар көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
- Романтикаға толы танго, көңілді полькалар мен жарқын увертюралар шынайы сезімге бөлейді.
- Лирикалық әсер қалдыратын скрипкалық миниатюралар жүрек тербейді.
Концерттің екінші бөлімінде ұлттық болмыс пен классикалық дәстүрді ұштастырған вокалдық туындылар орындалады:
- Қазақ операларынан ариялар мен дуэттер, халықтың лирикалық әндері;
- Қазақ композиторларының әндері мен романстары, әлемдік опера және оперетталардан танымал ариялар мен үзінділер, аңызға айналған махаббат балладалары;
- Финалда патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті арқау еткен заманауи әндер орындалады.
«Grand Fest» - жаздың көркін аша түсетін, қаланың күйбең тіршілігінен бір сәтке алшақтап, көңілге жылулық пен қуаныш сыйлайтын ерекше шара!
Тамаша кешті өткізіп алмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз