GRAND FEST: SAZ and SOUL және GULDER
Күні: 14.06.2025 Уақыты: 20:00 Зал: Астана қ, Амфитеатр (Астана паркі)
Музыкалық фестиваль өз жалғасын табуда!
Таза ауа мен ашық аспан астындағы музыка - одан асқан не бар? Амфитеатр сахнасында сіздерді аңызға айналған «GULDER» ансамблі және теңдесі жоқ «SAZ & SOUL» тобымен кездесу күтеді!
«Saz & Soul» тобы - елдің үздік әртістерімен бірге жұмыс істеп, АҚШ тәрізді халықаралық сахналарды да бағындырған заманауи өнер ұжымы. Олардың өзіндік ерекшелігі - қазақ музыкасын заманауи әуенмен үйлестіре отырып, тыңдаушыны баурап алатын ерекше атмосфера қалыптастыруында. Шығармашылық ұжымның Қазақстандағы ірі тележобалардағы жарқын өнері көрермендердің зор қошеметі мен ықыласына ие болуда.
«GULDER» ансамблі қазақ сахна өнерінің нағыз символы. Елу жылдан астам тарихы бар өнер ұжымы орындаушылық шеберлік пен ұлттық мәдениеттің үлгісіне айналды. Кеш барысында халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанған ансамбль өз бағдарламасында отандық хореографтардың композицияларын ұсынады.
Концерт бағдарламасында әлемдік танымал хиттер мен қазақстандық композиторлардың туындылары шырқалады. Сонымен қатар ұлттық нақыш пен заманауи әуенге толы авторлық вокалдық, аспаптық және хореографиялық қойылымдар көрсетіледі.
Іс-шараға қатысатындар:
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары: Алибек Альмадиев және Әділхан Макин
Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Дидар Әбдіхалық, Қуандық Шалқар, Ақбөпе Алибекова, Анна Уварова
Вокал мен аспаптық әуен үйлесім тауып, біртұтас гармонияға айналатын мәдени синергияның ғажайып атмосферасына еніңіз! Жаздың басты фестивалін өткізіп алмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз