GRAND FEST: БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ
Күні: 28.06.2025 Уақыты: 20:00 Зал: Амфитеатр ( Астана паркі)
Қазақконцерт «GRAND FEST» жобасы аясындағы музыкалық фестиваль бағдарламасын жалғастыруда.
Кезекті іс-шара ашық аспан астында өтетін «БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ» ұлттық өнер мерекесі дәстүрлі өнердің барлық тұстарын қамтыған жаңа форматтағы думанды кеш ұсынады.
Концерттің ерекшелігі мен маңызы:
- қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
- халық әндері мен халық композиторларының ізімен жарыққа шыққан заманауи шығармалар;
- өнерпаздар сайысы: ән шашу, күй тартыс, халық әндерінен попурри;
- заманауи хореография мен виртуоздық орындаулар.
Іс-шарада өнер көрсететіндер:
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Құмарбек Қалқатай, Клара Төленбаева, Нұрболат Арзамас
- «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары: Асқар Мұқият, Ардақ Елеусіз, Күнсұлу Түрікпен
- Мәдениет саласының үздігі: Қайрат Айтбаев, Перизат Тұрарова, Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет
- Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары: Дінисламбек Жайлаубай, Аяулым Қамажан, Венера Табыс, Тоғжан Үмбет, Ақерке Тәжібаева, Бауыржан Мұхаметбай, Жанту Дадабаев, Әлихан Дүйсенбай
- «Birlik» ансамблі. Ұжымның көркемдік жетекшісі - Қазақстанның үздік хореографтарының бірі және әлем халықтарының биі бойынша солисі Анель Марабаева.
Ұлтымыздың ұлы мұрасы ұлықталатын бірегей шарадан қапы қалмаңыз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз