GRAND FEST: «Azia» және «Melomen»
X

GRAND FEST: «Azia» және «Melomen»

Күні: 15.06.2025 Уақыты: 20:00 Зал: Амфитеатр ( Астана паркі)

Елорда тұрғындары мен қонақтарын «Grand Fest» музыкалық фестивалі аясында өтетін ел сүйіктілеріне айналған «Azia» және «Melomen» топтарының ерекше концертіне шақырамыз!

 

Бұл әндердің алғашқы әуенінен-ақ, сан естелік жадымызда жаңғырып қоя береді. Бір кездері мектеп кешінде жүректі тербеткен, көлік терезесінен көз салып, қиялға жетелеген, ал кейде үнсіз серік болған сол бір әндер.

 

Аталған кеште жастық шақтың куәсі болған туындылар «Ғажайып күй», «Жаным», «Опмай-опмай», «Қандайсың қандай», «Сүйгенім бол», «О, махаббат», «Арман шағала», «Сен мені күт» сынды туындылар шырқалады. Еріксіз билегің келетін әндер де, әр өлең жолы жатталып қалған бәріне таныс шығармалар да ұсынылады.

 

Ашық аспан астындағы концерт сағынышқа, жастыққа және шынайы сезімдерге толы шығармашылық кеш болмақ. Отбасыңызбен, достарыңызбен келіп, ең бақытты сәттерді жақындарыңызбен өткізіңіз!

Поделиться в соц. сетях: