GRAND FEST: «ASTANA SAZY»
Күні: 07.06.2025 Уақыты: 20:00 Зал: Астана қ., Амфитеатр (Парк Астана)
Қазақконцерт «GRAND FEST» аясында өтетін ауқымды музыкалық фестиваль бағдарламасын ұсынады. Бұл ұмытылмас мәдени іс-шараны жіберіп алмаңыз!
Фестивальдің алғашқы аккорды ашық аспан аясында өтетін «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің концерттік шоуымен ашылады.
Қазақстанның жетекші шығармашылық ұжымдарының бірі көрерменге ерекше бағдарлама әзірлеп отыр. Бұл әсерлі кеште сіздер ұлттық дәстүр мен заманауи әуен үйлесім тапқан қазақ музыкасының таңғажайып әлеміне саяхат жасайсыздар.
Бағдарламаның ерекшелігі:
- Концерт ашық аспан аясында өтеді, шынайы музыка мен жазғы көңіл күйдің ерекше атмосферасын жасайды;
- Жаңа туындылардың премьералары мен эксклюзивті музыкалық композициялар;
- Ансамбль әртістерінің жеке орындаушылық шеберлігін айқын көрсететін бірегей музыкалық әуендер.
Арнайы кеште сахнаға шығатындар:
- Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабек
- Халықаралық конкурстардың лауреаты Жанту Дадабаев
- «BIRLIK» би ансамблі және көркемдік жетекшісі Анель Марабаева
Бұл кешке барлық отбасыңызбен келіп, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен тарихына терең бойлап, рухани ләззат алыңыздар.
Сіздерді ашық аспан аясында өтетін шығармашылық пен үйлесімге толы, ұлттық мәдениетке деген мақтаныш сезімін оятатын музыкалық кеш күтеді. Тамаша мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз