X

«Astana musical» мемлекеттік театры ПЕТРОПАВЛДА!

Күні: 07.03.2024 Уақыты: 15:00 Зал: Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театры

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Astana musical» мемлекеттік театры биылғы гастрольдік сапарын еліміздің солтүстік өңірінен бастамақшы.

Мәдениет саласының үздігі Еслям Нұртазин жетекшілік ететін театр ұжымы мереке қарсаңында Петропавл жұртшылығына әдемі музыкалық кеш тарту етеді.

7 наурыз күні Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық драма театрында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шараға «Astana Musical» мемлекеттік театрының әртістері мен Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әртістері қатысады.

Кеш қонағы - Қазақконцерттің солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлішер Кәрімов.

Поделиться в соц. сетях: