«ҒАСЫРЛАР САЗЫ»: Жетісу өңірінің ән-күй мұрасы
Күні: 06.12.2026 Уақыты: 17:00 Зал: Камералық зал
Жетісудың сырлы сазы мен дәстүрлі ән өнерінің жауһарларына толы музыкалық кешке шақырамыз!
Бағдарламада халық әндері мен термелер, сондай-ақ қазақ өнерінің көрнекті өкілдері – Сүйінбай Аронұлы, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев, Сәдіқожа Мошанұлы, Дәнеш Рақышев және Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары орындалады.
Сахнада «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының белгілі әншілері мен күйшілері өнер көрсетіп, Жетісу өңіріне тән орындаушылық дәстүр мен әуездік ерекшеліктерді көрермен назарына ұсынады.
Бұл концерт — қазақ халқының рухани қазынасын танып, дәстүрлі музыка арқылы ұлт тарихы мен мәдениетіне жақындай түсудің тамаша мүмкіндігі.
Жетісудың әсем әуендерін тыңдап, төл өнеріміздің тағылымын сезініңіз!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз