X

«ҒАШЫҚПЫН». АЛТЫНШАШ МҰҚАТАЕВАНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ

Күні: 29.10.2024 Уақыты: 19:30 Зал: Үлкен зал

 

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солисі, Тұңғыш Президент қорының грант иегері, Мәдениет саласының үздігі, тағдырымен талай тыңдарманға шабыт сыйлаған қайсар әнші Алтыншаш Мұқатаеваның «Ғашықпын» атты мотивациялық шығармашылық кешіне шақырамыз!

«Ғашықпын» кешінде өмірдің сынағына сынбаған, өнерге шексіз ғашық Алтыншаш әуезді әндерін шырқап, өмірі мен өнері, қуанышы мен қиындықтары, жетістіктері мен жеңілістері туралы сыр шертеді.

Алтыншаш Мұқатаева кәсіби шеберлігін шыңдау үшін үнемі ізденіс үстінде және алуан түрлі халықаралық өнер сайыстарында бақ сынап, «Париж открывает таланты» (Париж, Франция), “Planet of arts” (Мәскеу, Ресей), “Art line” (Париж, Франция), «СтранаПой» (Мәскеу, Ресей), «Золотой дракон» (Пекин, Қытай), «Magic voice», «Icon music fest» (Сочи, Ресей), «ЖасSTAR» сынды халықаралық деңгейдегі беделді конкурстардың жеңімпазы және жүлдегерлер қатарынан табылды.

Кеш Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері

Айжан Нұрмағамбетова,

Айзат Қарабек;

халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бауыржан Исаев,

Ербол Тәжібаев және

«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры,

«Birlik» ән-би ансамблінің қатысуымен өтеді.

Шақырылған қонақтар: Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі Айдын Жұмабай және «Alem» замануи би балеті.

Осы әсерлі кешті бізбен бірге өткізіңіздер!

Поделиться в соц. сетях: