GALA-OPENING. «ДОСТАР СЕРТІ» мюзиклы
Күні: 16.10.2024 Уақыты: 19:30 Зал: Үлкен зал
«ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театрының «Достар серті» мюзиклына шақырамыз!
«Достар серті» мюзиклы төрт жігіттің тағдырын суреттейтін ерекше туынды. Болмыстары бөлек, әр түрлі ортадан жиналған жас жігіттер.
Мюзикл нағыз достықты бейнелейді. Олар алғашқы сезімдерін, өмірдің жаңа сынақтарын бірге өткереді. Бірі романтикаға берілген, екіншісі өз мақсатына ұмтылған, үшіншісі достарының көңілін көтеруді ұнататын, ал төртіншісі салмақты әрі ойлы.
Олардың әрқайсысының өмірі, мақсаттары мен армандары тек достықтың арқасында жүзеге асады. Жігіттер бірге қуанып, бірге мұңайып, қиындықтарға қарсы тұрады. Достықтың шынайы қуаты әрбір сынақта, қуаныш пен күйініште.
Мюзиклдың әр сәті жастардың өмір жолында кездесетін мүмкіндіктер мен тосын сыйларға толы. Олар тек дос емес, бір-бірінің армандарын жүзеге асыруға көмектесетін, шынайы бауырға айналады. Достық бұл жастық шақтың ең жарқын, ең мәнді кезеңі, ал «Достар серті» мюзиклы жастық шағыңыздың әдемі сәттерін, қиындығын және естеліктерін көрсетіп, ұмытылмас әсерге бөлейді.
Шиеленіскен оқиғалар желісі, актерлік шеберлік қазақ және әлемдік әндермен, әртүрлі билермен тамаша үйлесіп, көрермендерге терең эмоция мен әсерлі сәттер сыйлайды. Бұл қойылым шынайы сезімдер мен жүрек қозғар сәттерді бейнелей отырып, көпшіліктің жүрегінен орын алатыны сөзсіз.
Қапы қалмаңыздар!
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз