ФУАТ МАНСУРОВ: ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
X

ФУАТ МАНСУРОВ: ЕСКЕ АЛУ КЕШІ

Күні: 12.06.2025 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

Сіздерді Қазақстан, Ресей және Татарстан халық әртісі, әлемге танымал дирижёр, көрнекті өнер қайраткері Фуат Мансуровты еске алуға арналған музыкалық кешке шақырамыз.

Фуат Мансуров - посткеңестік және жаһандық музыкалық кеңістіктегі айрықша тұлға. Ол симфониялық және опера өнерінің өркендеуіне зор үлес қосып, Ресей, Қазақстан, Еуропа мен Азияның таңдаулы оркестрлерін басқарды. Маэстро классикалық туындыларды тереңінен түсініп, ұлттық музыкаға деген шынайы сүйіспеншілігімен ерекшеленді. Оның есімі дирижёрлік өнердегі асқан шеберлік пен парасаттылықтың, рухани биіктіктің айғағына айналды.

Концерттік бағдарлама:
I бөлім

Евгений Брусиловский - «Исаның желдірмесі»
Назиб Жиганов - «Райхан» және «Зариф» сюиталары
Арам Хачатурян - «Гаянэ» балетінен «Қылыш биі»
Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди - «Абай» операсынан Абайдың ариясы
«Қазақ вальсі»
«Китмә сандугач»
Франк Анжелис - Астор Пьяццоланың тақырыбына арналған концерттік этюд
«Мәтрүшкәләр»
Саида Қалықова - «Мұңның сынықтары»
Құрманғазы - «Сарыарқа»

II бөлім
Петр Ильич Чайковский - Скрипка мен оркестрге арналған концерт
Людвиг ван Бетховен - №5 симфония (I бөлім)

Концертке қатысушылар:

Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсахаджаева
Қазақстанның халық әртісі Абзал Мұхитдинов
Татарстан Республикасының халық әртістері, Қазан қалалық филармониясының солистері Фарида Ахметшина мен Алсу Сүнгатуллина
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов
«Құрмет» орденінің иегері Еркін Нұрымбетов
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Г. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солисі Айбар Хайырханов
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Ерлан Бақтыгерей
«Қазақстан баян-фест» халықаралық баян өнері фестивалінің директоры Руслан Тұраев
Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның солисі Саида Қалықова
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының симфониялық оркестрі
Тәттімбет атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі
Халықаралық конкурстардың лауреаты Амина Ахметжанова

Концерт залының фойесінде маэстроның шығармашылық жолына арналған фотокөрме ұйымдастырылады.
Бұл естелік кеш әр халықтың музыкасын, дәстүрі мен ұрпақтарын біріктіріп, әлемдік музыка мәдениетінің тарихында мәңгілікке қалған ұлы тұлғаны еске салады. Сіздерді осы мәдени кеште асыға күтеміз!

Поделиться в соц. сетях: