«FLOW/АҒЫН»
Күні: 01.03.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы танымал қазақстандық хореограф, «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың шығармашылық қызметіне 25 жыл толуына арналған «FLOW/АҒЫН» концертіне шақырады.
FLOW / АҒЫН бұл тоқтаусыз қозғалыс пен шығармашылық сана ағынын бейнелейтін, ұлттық хореографияның эволюциясы туралы көркемдік толғаныс. Бағдарламада бас балетмейстердің дара қолтаңбасы неоқазақ хореографиясы айқын көрініс табады.
Концерт бағдарламасында Анвара Садықованың Қазақстанның жетекші хореографиялық және театрлық ұжымдарының репертуарына енген таңдаулы қойылымдары ұсынылады. Сонымен қатар Морис Равельдің музыкасына жазылған «Замана жаңғырығы» («Эхо эпох») этно-балетінің тұсаукесері өтеді.
Концертке Қазақстан мен Қырғызстанның өнер жұлдыздары қатысады:
Қазақстанның Халық әртісі Секен Тұрысбеков
«TURAN» этно-фольклорлық ансамблі
Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі Гүлзада Рыскулова
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ардақ Елеусіз
Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі
Дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерболат Ахмедияров
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Сұлтанбек Ғұмар
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Динара Құдабаева
Халықаралық байқаулардың лауреаты Көркем Шолошова
«Гүлдер» ансамблінің әртістері.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз