X

«ДҮРЛЕРДІҢ ДҮБІРІМЕН ЖЕТКЕН ДАУЫС»

Күні: 13.12.2023 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

«Көшпенділер әуені» этникалық музыка фестивалінің аясында дәстүрлі өнерімізді дәріптеп, алқалы әлеуметке боямасыз насихаттап, алты құрлыққа паш етіп жүрген белгілі жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ұстаз, әнші-жыршы, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі Елмұра Жаңабергеннің сахнадағы 35 жылдық мерейтойына орай «ДҮРЛЕРДІҢ ДҮБІРІНЕН ЖЕТКЕН ДАУЫС» атты шығармашылық кешіне шақырамыз.

Рухани кеште қазақтың қасиетті қара домбырасының үні асқақтап, қазақ композиторларының танымал туындылары мен халық әндері, ата-бабаларымыздың үні – жыр-дастан да, ой салар терме де шырқалмақ.

Концертке «Қазақконцерт» ұйымы «Халық қазынасы» орталығының әртістері, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, ҚР МКҚ Президент оркестрі, «HASSAK» этно-фольклорлық тобы және фестиваль қатысушылары Арсланбек Сұлтанбеков (Түркия Республикасы), Ферияль Башель (Түркия Республикасы), Альпер Кырача (Түркия Республикасы), Роза Аманова (Қырғыз Республикасы), Гүлнар Алламбергенова (Қарақалпақстан Республикасы) және жыршы, әнші, күйші, этномузыкатанушы, фольклорист Берік Жүсіпов, Асқар Мұқият, Салтанат Ерсұлтан сынды айтулы өнер майталмандары қатысады.

Жыраулық дәстүрдің діңгегі қаланған Сыр өңірі сүлейлерінің, оның ішінде Нартай әншілік-жыршылық мектебінің сара жолын жалғастырушы Елмұра Жаңабергеннің халқымыздың асыл өнері - жыраулық мұрасын ұлықтайтын кеші елордалық көрерменнің көңілінен шығып, рухани серпіліс сыйлайтыны анық.

 

Поделиться в соц. сетях: