X

Достар серті

Дата: 30.06.2022 Время: 19:30 Зал: Үлкен зал

«Astana Musical» мемлекеттік театры «Достар серті» мюзикліне шақырады!

«Достар серті» туындысы – алғашқы қазақстандық мюзикл және сюжеті ерекше туынды.

Мюзикл желісі ХХ ғасырдың 60-70-жылдарын қамтиды. Еліміздің әр өңірінен арман қуып консерваторияға оқуға келген төрт студент жігіттің басынан кешкен қызықты оқиғалары сипатталады. Жалындаған жастық шақ, адал достық пен нағыз махаббат хикаялары...

Қойылымға қазақ музыкасының «алтын қорына» енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев және «Дос-Мұқасан» тобының әндері арқау болмақ. Сонымен қатар әлемдік музыканың шедеврлері мен «Битлз» тобының репертуарындағы туындылар орындалатын болады.

Либретто авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков, аудармашы, драматург – Әннас Бағдат. Композито р– ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Артур Оренбургский. Мюзикл режиссері – Есләм Нұртазин.

 

 

*Қойылым қазақ тілінде ұсынылады.

Поделиться в соц. сетях: