X

БІЗДІҢ ЖӘРМЕҢКЕ: «Ән ғұмыр»

Күні: 26.04.2026 Уақыты: 18:00 Зал: Үлкен зал

Қазақконцерт көрнекті әнші, композитор және Қазақстанның Халық әртісі Дәнеш Рақышевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Біздің жәрмеңке ән ғұмыр» атты концерт өткізеді.

Дәнеш Рақышевтың есімі қазақ вокал өнерінің тарихындағы маңызды белес әрі орындаушылық шеберліктің шынайы мектебі саналады. Оның қоңыр үні, шынайы орындау мәнері және халық әндерін терең түсініп орындауы мәңгілікке қазақ радиосының «Алтын қорына» енді. Сонымен қатар, ол ұлттық сахна классикасына айналған жүзден астам шығарманы қалдырып, баға жетпес мұра сыйлады.

Кеш бағдарламасы өнер иесінің сан қырлы талантын кеңінен танытады. Іс-шара барысында Дәнеш Рақышевтың шығармашылық қолтаңбасына айналған туындылар шырқалады.

Бұл кеште сахна төріне «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері және арнайы шақырылған қонақтар шығады.

«Біздің жәрмеңке ән ғұмыр» концерті қазақ халқының ұлы мұрасын және ұрпақтар сабақтастығын жалғаған мәңгілік өнерді дәріптейтін жарқын мәдени оқиға болмақ. Қапы қалмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: