X

Біздің жәрмеңке

Дата: 07.07.2022 Время: 19:00 Зал: Үлкен зал

Құрметті өнер сүйер қауым! Сіздерді мәдени мұрамызды насихаттап, ұлттық рухымызды асқақтатуға арналған жаңа мерекелік концертке шақырамыз!

Бұл кеште сіздер ұлтымыздың әуелеген әсем әндері, күмбірлеген күй мен жыр жауһарларынан сусындайтын боласыздар.

Сахнада Ерлан Рысқали, Толғанбай Сембаев, Жанғали Жүзбай, Елмұра Жаңаберген, Клара Төленбаева, Айгүл Елшібаева, Ардақ Балажанова, Нұрболат Арзамасұлы т.б. күміс көмей, жез таңдай әншілер; композитор Бауыржан Ақтаевтың көркемдік жетекшілігіндегі «Астана сазы» фольклорлық ансамблі; «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі, «Қарақат» өнер студиясының өнерпаздары өнер көрсетеді. Бұған қоса, өнер сүйер қауым домбыра, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, жетіген аспаптарында шебер ойнайтын музыканттар мен ұлттық бидің сұлулығын паш ететін бишілердің өнерін тамашалай алады.

Рухани кемелденіп, ерекше әсер сыйлайтын әдемі кештен қапы қалмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: