X

«BIRLIK» ансамблі - «Өмір – қазына»

Күні: 13.03.2026 Уақыты: 19:00 Зал: Үлкен зал

«BIRLIK» би ансамблі «Өмір қазына» атты жеке концертіне шақырады.

Аталған қойылым сахналық би мен символикалық қимылдар арқылы қазақ мәдениетіндегі әйел бейнесін және оның өмірдің әр кезеңіндегі мән-мағынасын терең философиялық тұрғыда зерделейді.

Әртістер би арқылы басты кейіпкердің өмір жолы басталуынан мәңгілікке дейінгі кезеңді көрсетеді. Сондай-ақ, көрермен болмыстың маңызды сәттеріне куә болады:

Бастау алу мен қорғау: Ұмай ананың ақ батасымен басталған өмір жолындағы ең алғашқы қуаныш Шілдехана.

Кемелдену: Үміт пен сұлулыққа толы, дала салт-дәстүрлерінің көркемдігімен өрілген кезең бойжеткендіктен кемелдікке өту.

Мәңгілік: Жер бетіндегі ғұмырдың аяқталуы ұрпақ жады мен адамдық қадір-қасиетке ұласқан қасірет пен сағыныш тоғысатын, жүректі тербейтін Жоқтау рәсімі арқылы бейнеленеді.

Концерттік қойылым «Astana sazy» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің музыкалық сүйемелдеуімен ұсынылады.

«BIRLIK» ансамблі - Қазақстандағы әртүрлі этностар мен мәдениет өкілдерінің ерекшеліктерін көрсететін алғашқы көпұлтты өнер ұжымы. Ансамбльдің басты мақсаты түрлі ұлттардың өнері мен мәдениетімен таныстыру. Өнер ұжымы құрылғанға дейін репертуарды қалыптастыру, әртүрлі ұлт өкілдері арасынан ең үздік бишілерді іріктеу бағытында кең ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Анель Марабаева.

«Өмір қазына» би мен музыка арқылы әйел рөлі, ұрпақ сабақтастығы және адам өмірінің құндылығын сезіндіретін тұтас сахналық композиция. Қапы қалмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: