X

ҚАЗАҚКОНЦЕРТ ӘРТІСТЕРІ ҚАРАҒАНДЫДА!

Күні: 01.05.2024 Уақыты: 12:00 Зал: Қарағанды қаласының Орталық саябағы

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері Қарағанды қаласында өтетін Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан» атты концертінде өнер көрсетеді.

Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, қазақ эстрадасының мэтрлары Нұрлан Өнербаев пен Бағдат Самидинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Құрмаш Махан, Ерлан Рысқали, Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Ербол Тәжібаев қатысады.

         Концертте қазақтың халық әндері мен белгілі қазақ композиторларының шығармалары орындалады.

Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары! Қазақконцерттің жұлдыздары қатысатын музыкалық шарадан қапы қалмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: