«COUPE MONDIALE 79» БАЙҚАУЫ АЯСЫНДА ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ ӨТТІ
26.08.2026
26 тамыз «Coupe Mondiale 79» халықаралық баянистер мен аккордеоншылар байқауы аясында шеберлік сабақтары өтті.
Шеберлік сабақтары халықаралық доданың маңызды бағыттарының бірі. Мұнда қатысушылар мен жас музыканттар әлемнің әр елінен келген баян және аккордеон өнерінің майталмандарымен кәсіби тәжірибе алмасып, орындаушылық шеберліктің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік алады.
Кездесулер барысында музыкалық шығарманы интерпретациялау, орындау техникасы, сахна мәдениеті мен кәсіби шеберлікті жетілдіруге қатысты тәжірибелік кеңестер берілді.
Осындай шығармашылық кездесулер «Coupe Mondiale 79» байқауының тек өнер додасы ғана емес, халықаралық тәжірибе мен білім алмасатын кәсіби алаң ретіндегі маңызын айқындай түседі.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз