«Coupe Mondiale 79» аясында Халықаралық аккордеонистер конфедерациясы конгресінің екінші сессиясы өтті
27.08.2026
«Coupe Mondiale 79» халықаралық баян және аккордеоншылар байқауы аясында Халықаралық аккордеонистер конфедерациясы (CIA) конгресінің екінші сессиясы өтті.
Жиын барысында конфедерацияның алдағы жұмыс жоспары, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, баян және аккордеон өнерін дамыту, жас орындаушыларды қолдау және халықаралық байқауларды ұйымдастыруға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Конгресс сессиясына CIA басшылығы мен өкілдері, музыкалық комитет мүшелері, халықаралық сарапшылар және әлемнің түрлі елдерінен келген делегаттар қатысты. Кездесу кәсіби тәжірибе алмасуға және баян-аккордеон өнері саласындағы халықаралық байланысты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік берді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз