«Қазақконцертте» «Coupe Mondiale 79» байқауының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті
27.08.2026
«Қазақконцерт» ұйымында «Coupe Mondiale 79» халықаралық баянистер мен аккордеоншылар байқауының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясына Халықаралық аккордеонистер конфедерациясының (CIA) президенті Мирко Патарини, CIA бас хатшысы Киммо Маттила, қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Харли Джонс, Музыкалық комитетінің төрағасы Александр Селиванов, CIA вице-президенті Самғар Толқынхан және «Coupe Mondiale» санаты бойынша қазылар алқасының төрағасы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Анатолий Гайсин қатысты.
Жиынға Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры Ақан Абдуалиев модераторлық етті.
Спикерлер «Coupe Mondiale 79» байқауының жоғары ұйымдастырушылық деңгейін атап өтіп, Қазақстанның халықаралық музыкалық жобаларды өткізуге зор әлеуеті бар екенін жеткізді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Баспасөз конференциясының соңында спикерлер естелік суретке түсіп, отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне жеке сұхбат берді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз