X

Салтанат Меңдіғалиеваның эстрадалық вокал бойынша шеберлік сабағы

09.09.2022

  Ән айту дағдыларын қалыптастырудағы вокалдық жаттығулардың маңызы неде? Жақсы ән айтуды үйрену қанша уақытты қамтиды? Вокалист орындайтын техника мен композициялар қалай таңдалады? Жас жеткіншектер осының барлығын “Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” мемлекеттік концерттік ұйымында өтетін шарадан біле алады.

Одан бөлек, бұл шараға қатысу арқылы жас мамандар өзін-өзі сахнада қалай сенімді ұстау керектігін түсінеді, әртістік шеберлігімен қалай жұмыс жасау қажет екендігін ұғынады.

 Қыркүйектің 10-ы күні 12:00 де “Qazaqstan” орталық концерт залының камералық залында өтетін белгілі әнші Салтанат Меңдіғалиеваның балаларға арналған эстрадалық вокал бойынша шеберлік сабағын өткізіп алмаңыздар!

Поделиться в соц. сетях: