X

Атақты "Дос-Мұқасан" тобы Қазақконцертте өнер көрсетті

06.07.2022

Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы Қазақконцерттің үлкен сахнасында өнер көрсетті. Көптен күткен «Далам менің» мерекелік концерті Елорда күніне арналды. Топтың «Куә бол», «Алатау», «Сұлу қыз», «Ғашықтар әні», «Бойжеткен», «Той жыры», «Далам менің» т.б. атақты хит әндерін халық зор ықыласпен қабылдап, қосылып шырқады. «Дос-Мұқасан» тобымен бірге сахнада Жеңіс Сейдуллаұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Досымжан Таңатаров, Жеңіс Ысқақова, Дастан Оразбеков, Маржан Арапбаева, Алмас Кішкенбаев т.б. белгілі әншілер өнер көрсетті.

Жақын күндері Қазақконцертте үлкен мерекелік іс-шаралар жалғасын табады. Өнер сүйер қауым 7 шілде күні сағат 19:00-де «Біздің жәрмеңке» атты концертті тамашалай алады. 12 шілде күні сағат 19:00-де Қазақконцерттің белгілі әртістері мен өнер ұжымдары ұсынатын Гала-концерт өтеді. 

 

Поделиться в соц. сетях: