X

Қазақконцерт Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай мерекелік концерттерді ұсынады

23.05.2022

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы әр түрлі форматтағы мерекелік іс-шаралар мен музыкалық перформанстарды ұсынады. Концерттерде қазақстандық және шетелдік әртістер өнер көрсетеді.

3-маусым күні сағат 19:30-да Қазақконцерттің үлкен сахнасында «ВЕЧЕР МУЗЫКАЛЬНЫХ КОНТРАСТОВ» концерті өтеді. Концертке белгілі пианист НИКОЛАС БУРДОНКЛ (Франция) және дирижер, Днепропетровск филармониясы оркестрінің жетекшісі АЙДАР ТОРЫБАЕВ (Украина), әлемге танымал скрипкашы, Қазақстанның Халық әртісі АЙМАН МҰСАҚОЖАЕВА қатысады. Әртістер Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрімен бірге классикалық музыканың шедеврлерін орындайды.

5 маусым күні сағат 17:00-де  «КӨК АСПАНЫМ – КӨК ТУЫМ» атты үлкен на гала-концерт өтеді. Концерттің басты ерекшелігі – музыкалық жанрлардың сан алуандығы. Бұл кеште сіздер классикалық музыка, эстрадалық және белгілі дәстүрлі әндерді тыңдап, мюзикл театрының өнерін тамашалай аласыздар. Концертке қатысушылар: Роза Рымбаева, Ерлан Рысқали, Азамат Жылтыркөзов, Медет Чотабаев, Ардақ Балажанова, Айзада Капонова, Гүлсім Мырзабекова, Күнсұлу Түрікпен, Асқар Мұқият, Әміре, Әлібек Альмадиев, Рухия Байдүкенова, Азат Мәлік, Салтанат Меңдіғалиева, Біржан Айтахметов, Дидар Әбдухалық, Әйгерім Алтынбек, T&Y дуэті өнер көрсетеді. Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі, «Астана сазы» қазақ фольклорлық ансамблі, «FORTE TRIO» мемлекеттік триосы, «Астана мюзикл» мемлекеттік театры мен «Saz&Soul» тобы өнерлерін ортаға салады.

Ұлттық музыка өнерінің жарқын өкілдері 6-маусым күні сағат 19:00-де өтетін «ОТАН АНА» концертінде өнер көрсетеді. Концертке қатысушылар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали бастаған «Халық қазынасы» өнер бөлімінің әртістері мен композитор Бауыржан Ақтаевтың көркемдік жетекшілігімен «Астана сазы» фольклорлық ансамблі. Бұл кеште сіздер ұлтымыздың әуелеген әсем ән, күмбірлеген күй мен жыр жауһарларынан сусындайтын боласыздар.

8 маусым күні сағат 19:00-де елімізге өнерімен танылған талантты жас әншілердің өнерін тамашалауға шақырамыз! «ЖАСТАР ӘНІ» концертінде жаңа авторлық әндер, белгілі халық шығармалары мен заманауи өлеңдер орындалады. Сахнада Гүлсім Мырзабекова, Ерболат Нариманұлы, Ербол Тәжібаев, Салтанат Меңдіғалиева, Рухия Байдүкенова, Гүлнәр Көшенова, Дидар Әбдухалық, «Saz&soul» тобы мен «Меломен» тобы өнер көрсетеді.    

Қазақконцерт құрамындағы «Astana musical» мемлекеттік театры да көрермендерді ерекше туындыларымен қуантады. 10 маусым күні Қазақконцерттің үлкен сахнасында атақты әнші Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «РОЗА БАҒЛАНОВА» мюзиклі сахналанады.

16 маусым күні сағат 19:30-да «ШАҢЫРАҚ» музыкалық перформансы өтеді. Барлық көріністер бірліктің символы – киіз үйдің ішінде сахналанады.

30 маусымда «Astana musical» театрының «ДОСТАР СЕРТІ» мюзиклі қойылады. Қойылымға қазақ музыкасының «алтын қорына» енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев және «Дос-Мұқасан» тобының әндері арқау болмақ. Сонымен қатар әлемдік музыканың шедеврлері мен «Битлз» тобының репертуарындағы туындылар орындалатын болады.

Билеттерді "Тикетон" сайтында және "Қазақстан" орталық концерт залының (Мәңгілік ел, 10/1) кассасында сатып алуға болады.

Поделиться в соц. сетях: