X

Қазақконцерт. Жаңа маусым жаңалықтары «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы

01.08.2022

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты жаңа жобаны бастайтынын хабарлайды. Жобаның аясында еліміздегі басты концерт ұйымының солистері 2022 жылы Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарының аудандары мен моноқалаларында концерттер береді.

«ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы 2022-2025 жылдар аралығында кезең-кезеңмен іске асырылады. Жобаның мақсаты – өңір тұрғындарына мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өңірлердегі шығармашылық ұжымдар мен артистерді қолдау, еліміздің ұлттық құндылықтарын дәріптеу.

Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен облыстардағы жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның үйлестірушісі Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы. 

«Қазақконцерт» гастрольдер маусымын осы киелі өңірден бастамақшы. 10-12 тамыз күндері аралығында Семей, Курчатов қалаларында және Абай ауданының Қарауыл ауылында, сонымен қатар 13-15 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының Риддер, Серебрянск, Алтай қалаларында шығармашылық ұжымның концерттері өтеді.  

Гастрольдік концерттердің шығармашылық құрамында «Қазақконцерттің» солистері: Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Раушан Оразбаева, Азамат Жылтыркөзов, Медет Чотабаев, Салтанат Ахметова, Жанна Орынбасарова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Ардақ Елеусіз, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дарын Құдайберген, Әлібек Әлмадиев, Әйгерім Алтынбек, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдіхалық.

Поделиться в соц. сетях: