X

Бармасаң, келмесең жат боласың

12.09.2022

Қыркүйектің 9 күні ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің XXХVII отырысы аясында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан мемлекеттерінің өкілдері Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына келіп, «Қазақконцерттің» қызметімен танысты. "Қазақконцертке" келген меймандар ұжымдағы өнер майталмандарының дайындықтарына куә болып, олардың өнерлерін тамашалады. 

Поделиться в соц. сетях: