X

«АLEM SAZ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

28.11.2022

 

«ALEM SAZ» әлем елдері мәдениетін шығармашылық ынтымақтастық арқылы бір платформада біріктіруге арналған халықаралық фестиваль болды. Жоба Қазақстан мен әлемнің 76 елі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға және АӨСШК (Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) құрылғанына 30 жыл толуына орай, қазақ халқының аты аңызға айналған әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

 «ALEM SAZ» халықаралық фестивалі ұлттар мәдениетін біріктіру, сақтау және дамыту, әлем елдерінің тарихи мұралары мен мәдени құндылықтарына құрметпен қарау бағытына негізделді.

Фестиваль бағдарламасында шетелдік әртістердің сахнаға шығуы, кинокөрсетілімдер, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, шеберлік сабақтары және қатысушы елдердің ұлттық тағамдарының көрмесін өткізілді.

Фестивальді ұйымдастырған «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы.

7 қараша сағ. 18.00-де «ALEM SAZ» халықаралық өнер фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған отандық және шет елдердің БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Қазақстан Республикасындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады.

 

Фестиваль бағдарламасында:

7.11.22.

12:00-19:00 Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

14:00 - 18:00     Кинокөрсетілімдер

18.00 Баспасөз конференциясы

19:00. Гала концерт. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МКК әртістерінің қатысуымен фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі

 

08.11.2022

12:00-19:00 Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

14:00-18:00 Кинокөрсетілімдер

19:00 Композитор, пианист, халықаралық байқаулардың лауреаты Алессандро Мартире, Италия және Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті.

 

09.11.2022

11:00-18:00 Кинокөрсетілімдер

12:00-19:00 Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

19:00 Karlsruhe Concert-Duo классикалық музыкалық дуэтінің концерті: Райнхард Армледер (виолончель), Дагмар Хартманн (фортепиано), Германия

20:00 Композитор, скрипкашы Лакшминараян Субраманиамның жеке концерті, экраннан тыс орындаушы, Filmfare сыйлығының иегері Кавита Кришнамурти, музыканттар Танма Бозе, Секар К, Үндістан және Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі

 

13.11.2022

09:00 - 18:00 Кинокөрсетілімдер

12:00 - 19:00 Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

17:00     Санкт-Петербург Музыка үйі солистерінің концерті, Ресей Федор Освер (гобой), Андрей Телков (фортепиано), Мария Попова (флейта), Лев Журавский (кларнет), Андрей Зубенко (скрипка)

         

14.11.2022

11:00-18:00 Кинокөрсетілімдер

12:00-19:00 Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

19:00 Дани де Морон (гитара) және Агустина Диассераның (перкуссия) жеке концерттері, Испания

 

15.11.2022

14:00-18:00       Кинокөрсетілімдер

12:00-19:00 Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

19:00     Беларусь Республикасы өнер шеберлерінің концерті

 

16.11.2022

14:00-18:00 Кинокөрсетілімдер

12:00-19:00 Сәндік-қолданбалы өнер көрмесі

19:00 Дәстүрлі түрік музыкасын орындаушы Мұрат Ферхат Эгүлдің жеке концерті, Түркия және «ТҰРАН» фольклорлы-этнографиялық ансамблі

 

17.11.2022

19:00. Фестивалдің жабылуы. «Астана сазы» ансамблінің «Zaman» атты күйтабақтың тұсаукесері өтті.

 

 

Поделиться в соц. сетях: