Музыкант-мультиаспапшы, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, UNESCO халықаралық ұйымының қатысушысы, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «Халық қазынасы» дәстүрлі музыкалық өнер орталығының солист-әртісі. «TURAN» ансамблінің солисі. Дәстүрлі көмеймен ән салушы.
Білімі:
2014–2018 жж. – П. И. Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі.
2018–2022 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Халық музыкасы факультеті (бакалавриат).
2022–2024 жж. – Қазақ ұлттық өнер университеті, Халық музыкасы факультеті (магистратура).
Жетістіктері:
2012 ж. – Алматы қаласында өткен республикалық «Асыл мұра» байқауының I орын иегері.
2012 ж. – Алматы қаласында өткен республикалық «Ақ көгершін» байқауының III орын иегері.
2017 ж. – Алматы қаласында өткен «Көшпенділер әуені» республикалық байқауының дипломанты.
2018 ж. – Астана қаласында өткен XXXIX республикалық жас орындаушылар байқауының II орын иегері.
2020 ж. – Тараз қаласында өткен Н. Тілендиев атындағы «Өз елім» республикалық байқауының Гран-при иегері.
2021 ж. – Алматы қаласында өткен XIII республикалық студенттік олимпиаданың II орын иегері.
2021 ж. – Астана қаласында өткен XXI халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар байқауының дипломанты.
2021 ж. – Қарағанды қаласында өткен Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы VIII республикалық байқаудың дипломанты.
2022 ж. – Алматы қаласында өткен республикалық «Шертпе күй» байқауының дипломанты.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз