X
Перизат
Перизат Омарбекова

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Шапағат» медалінің иегері

Толығырақ

Фото

Әртіс туралы

    Білімі:

1993–1997 гг. — 1993–1997 жж. — Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің музыка факультеті, хореография бөлімін үздік дипломмен тәмамдаған.

1999–2000 жж. — Үндістанның Дели қаласындағы Kathak Kendra би университетінде біліктілігін арттырған.

    Шығармашылық жетістіктері:

2000 ж. — Дели қаласында өткен шетелдік студенттердің «ISSR» халықаралық фестивалінде қазақ ұлттық биін орындап, жеңімпаз атанған.

2006 г. — 2006 ж. — Алматы қаласындағы Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт сахнасында «Би еркесі – Перизат» атты алғашқы шығармашылық кешін өткізген.

2009 ж. — «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің лауреаты атанған.

2012 ж. — Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» атағына ие болған.

2013 ж. — «OMARBEKOVADANCE» би мектебінің негізін қалаған.

2015 ж. — Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт сахнасында қазақ биіне арналған «Биім менің – биік шың» атты екінші шығармашылық кешін ұсынған.

2016–2017 жж. — «Гүлдер» мемлекеттік ән және би ансамблінің солист-бишісі болған.

2020 ж. — «Алатау» дәстүрлі өнер театрына солист-биші қызметіне қоса атқарушы ретінде қабылданған.

2020 ж. — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталған.

2022 ж. — Қазақстан Қоғам қайраткерлері одағының «Құрмет белгісі» және «Мәдениет майталманы» төсбелгілерімен марапатталған.

2025 ж. — Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт сахнасында шығармашылық қызметінің 25 жылдығына арналған «Би-Падиша» атты үшінші жеке мерейтойлық би кешін өткізген.

Қазақ ұлттық биімен Испания, Венгрия, Чехия, Словакия, Германия, Польша, Жапония, Италия, Швейцария, Швеция, Франция, Түркия, Ресей (Мәскеу, Новосібір), Үндістан, Қырғызстан және басқа да елдерде өнер көрсеткен.

Көптеген телевизиялық бағдарламалар мен сұхбаттарға қатысып, шығармашылығы туралы газет-журналдарда мақалалар жарияланған.

Репертуарында 30-ға жуық жеке би нөмірі бар. Қазақ ұлттық биі мен әлем халықтары билерінің шебері.

Поделиться в соц. сетях: